Жасанды интеллект жүйелерін қолдануға арналған қағидалар жобасы салалық қауымдастықтар мен зерттеушілердің талқылауына ұсынылады. Құжатта жүйенің шешіміне адам жауапкершілігі мен деректерді қорғау мәселелері қамтылады.

Талқылау барысында алгоритмдердің ашықтығы, қате нәтижелерге шағымдану мүмкіндігі және автоматтандырылған шешімдердің шектеулері қаралады. Ұсыныстар жобаға енгізілген соң қоғамдық талқылаудың қорытындысы жарияланады.