Қазақстандық өндірушілерге экспорттық нарықтарға шығу кезінде техникалық құжаттама, сертификаттау және логистикалық бағыттарды жоспарлау бойынша кеңес беріледі. Жаңа қолдау бағдарламасы салалық қауымдастықтармен бірлесіп әзірленген.

Кәсіпорындар өнімін шетелдік сатып алушыларға таныстыру үшін сауда миссиялары мен көрмелерге қатыса алады. Алғашқы кезеңде өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге басымдық беріледі.